17 Маусым 2021 2021, 12:02
Алматыда құрылысшы биіктіктен құлап, қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген жұмысшы қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген жұмысшы қайтыс болды.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат kris.p.almaty.official парақшасында хабарланды.
Розыбакиев-Ходжанов көшелерінің қиылысында құрылысшы биіктен құлап өлді. 16 маусым күні кешке, - делінген жазбада.
Қалалық полиция баспасөз қызметі аталған дерек тіркелгенін атап өтті.
Аталған қылмыстық істі Бостандық аудандық ПБ тергейді. Тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген ведомство хабарламасында.