Алматыда курсантарды әскери-спорттық ойындарға іріктеу басталды

ТМД елдерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында II әскери-спорттық ойындарға іріктеу бойынша шаралары Құрлық әскерлерінің әскери институтында ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, ҰҚК Шекара қызметі академиясының 120 курсанты қатысады. 

Курсанттарға арнап Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, жоғары әскери оқу орындарының басшылары сөз сөйледі. 

– Іріктеу жарыстары еліміздің Қарулы күштерінің құрама командасын қалыптастыруға бағытталған. Іріктеуде жүгіру, белтемірге тартылу, армиялық қоян-қолтық ұрыс, әскерилендірілген кросс, шағын футбол және штаттық қарудан ату бойынша жарыстардың нәтижелеріне байланысты болады, – деді Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы майор Ербол Игисинов. 

Іріктеуден өткен курсанттар Қазақстанның Қарулы күштерінің намысын халықаралық аренада қорғауға мүмкіндік алады. ТМД елдерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасындағы II әскери-спорттық ойындар 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетінін айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы