28 Қараша 2025 2025, 08:45
Фото: olympic.kz
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді
Желтоқсан айында Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Желтоқсан айында Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыс бағдарламасына еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресі енгізілген.
Аталмыш додаға Қазақстанның әрбір өңірінен 1000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар ұлттық құрама көшбасшылары да жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионы 1-6 желтоқсан аралығында Almaty Arena спорт кешенінде өтеді.