Алматыда Құлжа тас жолындағы эстакада ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысында салынып жатқан көлік жол айрығындағы эстакада іске қосылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құлжа тас жолы бойымен жүретін көліктерге екі бағытта да жол ашылды. Сонымен қатар енді шығыс бағытта бұрылыс алаңқайына бармастан Бұқтырма көшесінен Құлжа тас жолына бірден бұрылуға болады.
Аталған жол айрығы құрылысын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ерекше бақылауға алып отыр. Құрылыс аяқталған соң көлік жол айрығы салынып жатқан аймақтағы жол жүрісін жеңілдетіп, көлік жүктемесін азайтады деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстандық жас ғалымдардың I Конгресі өтті
Өзгелердің жаңалығы