Алматыда қоймаға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында опа-далап қоймасына қарақшылық шабуыл жасаған топ ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарақшылар Ақжар шағын ауданында орналасқан опа-далап қоймасына шабуылды түнгі он бірде жасаған.

Қарақшылар өздерін күзет компаниясынан келген тексерушілер ретінде таныстырып, алдау жолымен ішке кірген. Күзетші қулықты сезбей есікті ашқанда қаскүнемдер оны шалқасынан түсірген. Күдіктілер  бірден ішінде сегіз миллион теңгесі бар сейфке беттеген. Олар ғимараттың есігін ашып, ақшадан басқа декоративті косметика салынған бірнеше қорапты алып кеткен. Күзетші күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалғаннан кейін дабыл қаққан. Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Кешенді шаралар нәтижесінде күдіктілер анықталып, қамауға алынды. Олардың үшеуі Алматы облысының, ал біреуі Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Топтың ең үлкен мүшесі 32 жаста, ең кішісі  20 жаста. Бұрын олардың ешқайсысы қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Полицейлердің хабарлауынша, күдіктілерді ұстау шарасын ПД-нің арнайы бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген. Қаскүнемдердің көлігі қалаға кіре берісте бұғатталған.

Күдіктілер ұрланған сейфті қылмыстан кейін бірден сенімді жерге жасырған, олар оны алып кетуге екі күннен кейін келуге келіскен. Оған дейін біз кездесу уақыты мен орны туралы білдік. Айтпақшы, ұсталғандардың бірі осы компанияда экспедитор болып жұмыс істейді, ол дәл осы нысанға достарын компанияның кірісі туралы білгеннен кейін алып келген. Сондықтан оларға күзетшіні алдау қиынға соқпаған. Ұсталғандар қазір қамауда. Заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жалғасуда , – деп түйіндеді Дидар Аханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы