Алматыда көшкін жүрді
Алматыдағы Олимпийская көшесінде, №47 мектеп орналасқан ауданда көшкін жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, бірнеше үйді саз басып қалған.
Құтқарушылар үйінділерді тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері ауданды қоршауға алды.
Төтенше жағдай орын алған жерде кем дегенде төрт өрт сөндіретін көліктің бары анықталды.
Сондай-ақ үйінді астында қалуы мүмкін адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Грузияда көшкін жүріп, сегіз адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Грузияда көшкіннен сегіз адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы