Алматыда көшкін қаупі бар 73 учаске тексерілді
Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көшкін процестерінің қауіптілігі мен қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беру.
Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көшкін процестерінің қауіптілігі мен қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беру.
Рейдтік іс-шараларға Алматы қалалық ТЖД және Алматы қаласы әкімдігінің Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы қатысты.
Қала әкімдігі өкілдерінің, «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасы мамандарының және ТЖД бөлімшелері жеке құрамының қатысуымен бірлескен профилактикалық жұмыстар Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарының аумақтарын қамтыды.
Бір күн ішінде профилактикалық аралау барысында көшкін қаупі бар 73 учаске қамтылды. Іс-шараларға ТЖД-ның 72 қызметкері жұмылдырылды.
Тұрғындармен кездесулер барысында мамандар көшкін процестерінің белсенділену белгілерін, қауіп туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін және эвакуациялау ережелерін түсіндірді. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Көшкін қаупі бар аймақтарда тұратын тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау, жер үстінде жарықтар пайда болған, беткейлердің деформацияланған немесе басқа да қауіпті белгілер байқалған жағдайда шұғыл қызметтерге дереу хабарлау ұсынылады.