25 Сәуір 2021 2021, 14:50
Алматыда көшелер тағы жабылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық мобильдік басқармасы қалада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына жабылғанын мәлімдеді.
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық мобильдік басқармасы қалада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына жабылғанын мәлімдеді.
25 сәуір күні таңғы сағат 10:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін Алатау ауданындағы Жаңаарқа көшесінің бойына асфальтбетон қоспасын төсеуге байланысты Т.Рысқұлов көшесі бойымен Аршалы көшесіне дейін көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 26 сәуір күні сағат 10: 00-ден 22: 00-ге дейін Алатау ауданындағы Кіші Мөңке би көшесіне асфальтбетон төсеуге байланысты Б.Момышұлы көшесінен Ә.Мәмбетов көшесіне дейін жол қозғалысы шектелетіні айтылған.