Алматыда көшеде пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты
Куәгерлердің айтуынша, күдікті мас күйде болып, адамдарға пышақ көрсеткен.
23 мамыр күні таңертең Алматыдағы Есқараев пен Серкебаев көшелерінің маңында қолына пышақ ұстаған ер адамның тұрғындарды қорқытқаны туралы ақпарат тарады.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйде болған, өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп жүрген. Кейінірек оның №1 троллейбусқа отырып, кетіп қалғаны айтылды.
Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір полицейлер ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстау шараларын қолға алған.
Ведомство мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретінін атап өтті. Оқиғаның барлық мән-жайына Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілмек.