Алматыда коронавирустың «оңтүстікафрикалық» және «британиялық» штамдары тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді.
Соңғы күндері Жер шарында коронавирустық жұқпаға эпидемиологиялық ахуалға шолу жасап қарасақ, соңғы 15 күннің ішінде жағдайдың тұрақсыздығы байқалды. Бүгінде 127 миллионнан астам вирус жұқтыру жағдайы тіркелген болса, оның 2 млн-нан астамы қайтыс болған. Қазақстанда коронавирус инфекциясының циркуляциясын және қауіп-қатер тобының арасында қандай қатер барын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл елімізде экспресс-ПТР скрининг әдістемесі енгізілген. Осы зерттеу нәтижелерінің былтырғы және биылғы наурыз айындағы жағдайын ескерер болсақ, әлем елдерінде анықталып жатқан коронавирустың «британиялық», «бразилиялық» және «оңтүстікафрикалық» штамдары анықталмаған болатын. Алайда соңғы мәліметтерге сүйенсек, Алматыдағы науқастар арасында «оңтүстікафрикалық» және «британиялық» штамдар анықталған, - деді ол.
Ол науқастан «британиялық» немесе «оңтүстікафрикалық» штамдар анықталса да, анықталмаса да азамат қарапайым сақтық шараларын естен шығармағаны жөн екенін еске салды. Оның айтуынша, коронавирусты жеңудегі ең тиімді әдіс - вакцинация.
Бүгінде әлемнің бірқатар елінде коронавирусқа қарсы вакцинация шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентімен қамтылған азаматтар саны 122 701-ге жетсе, екінші компонентімен қамтылған азаматтар саны 31 422-ге жеткен. Осы орайда Ресейден алынған «Спутник V» вакцинасы ең тиімді әрі қауіпсіз вакциналардың қатарына жатады. Бұл вакцинаның тағы 150 мың дозасы әкелінеді деп күтілуде, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 94 жастағы науқастың жүрегіне ота жасалды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы