Алматыда коронавирусты қоғамдық орындарда жұқтыру 5%-ға артқан
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты.
Қазір Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл» аймақта, оның «сары» аймаққа өтпеуі үшін санитариялық шаралардың барлығы күшейтілген.
Қалада қоғамдық орындарда вирусты жұқтыру 5 пайызға артқан. Негізінен ауа райының жылуына байланысты адамдардың көпшілік жерге жиі шығуынан болып отыр. Сондай-ақ отбасында вирус жұқтыру 2%-ға артқан, яғни той, құдалық сияқты отбасылық жиындар әсер еткен. Бір аптада осындай жиында вирус жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Бұл халықтың босаңсып, қауіпсіздік шарасын ескермегенін көрсетеді, - деді ол.
Сондай-ақ ол қоғамдық көлікте вирус жұқтыру деңгейі бұрынғыдай 20-22 пайыз көлемінде қалып отырғанын айтты.
Коронавируспен негізінен 20-40 жас аралығындағы азаматтар сырқаттанып жатыр екен. Одан кейінгі орында 40-50 жас аралығындағы азаматтар. 14 жасқа дейінгі балалар – 11% құрайды. 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер - 4% құрап отыр.
Сонымен қатар ол қалада тұмаумен ауырғандар тіркелмегенін айтты.
Өткен жылы осындай кезде 230-дан астам адам тұмаумен тіркелген болатын. Қазір тұмаумен ауырғандар тіркелген жоқ, - деді Қалықова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2021 жылы елдің экологиясы қалай жақсартылатыны айтылды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы