Алматыда жалпы коронавирустан 20 адам қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында эпидемия басталғаннан бері 20 адам қайтыс болған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.
Эпидемия басталғаннан бері қалада жалпы 3429 жағдай тіркелді. 2177 адам сауығып, үйіне шығарылды. 20 пациент қайтыс болды. Бүгінгі күні қала стационарларында 1388 пациент ем алып жатыр. Қалада өте ауыр жағдайда - 20, ауыр дәрежеде - 150, орташа жағдайда - 1022 және қанағаттанарлық жағдайда 194 пациент бар, - дейді Камалжан Надыров.
Ол ауыр науқастар санының өсуін талдағанын айтты.
Соның нәтижесінде қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек аурулары сияқты қосымша аурулары бар науқастардың көбеюіне байланысты деген қорытындыға келдік. Сондай-ақ, аурудың ауырлығы мен науқастардың жас ерекшелігі арасындағы байланыс анық байқалады. Жай-күйі ауыр және өте ауыр пациенттердің арасында 80%-дан астамы - 60 жастан асқан адамдар (8,8%). Жалпы, талдау орташа 29 жас жобасындағы азаматтардың жиі ауыратынын көрсетті, - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі күнде 230 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді
Өзгелердің жаңалығы