Алматыда коронавирус жұқтырған 8 бала әлі ем алып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Кеше Алматыда 33 адамның коронавирус жұқырғаны ПТР тестімен расталды. Оның 26 симптомдық белгілері бар және 7 симптомсыз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 19 адам коронавирустан емделіп шыққан, ал келіп түскендер саны 12.

Инфекциялық стационарларда 96 адам, емделіп жатыр, оның 8-і бала.  Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  11 науқас бар. ӨЖЖ – 4, инвазивті емес ӨЖЖ – 1, High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 174 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 158, симптомсыз 16 адам ем алуда.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның  1-компонентін   633 адам салдырған, ал  2-компонетін 1 344 адам алған.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы