Алматыда коронавирус жұқтырған жүз адам ауруханаға түсті

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 326 тұғыннан коронавирус инфекциясы анықталды, оның 315 симптомдық белгілері бар және 11 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 25 адамның жазылып шыққанын хабарлады, сондай-ақ 99 адам ауруханаға түскен.

Инфекциялық стационарларда 1 565 адам ем алып жатыр, оның 61-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 150 науқас бар. ӨЖЖ – 29, инвазивті емес ӨЖЖ – 79, High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 297 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3 167, симптомсыз 130.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавиурсқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 814 адам, 2-компонентін 941 адам салдырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы