Алматыда коронавирус жұқтырған 63 адам ауруханаға түсті
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда 231 адамнан коронавирус анықталды. Оның 219-да симптомдық белгілері бар және 12 симптомсыз.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сатау басқармасының мәліметінше, 24 қазанда 18 адам қауіпті індеттен сауығып шыққан, дегенмен вирус жұқтырған тағы 63 адам ауруханаға жатқызылған.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 205 адам ем алып жатыр, оның 33-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 119. ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 66, High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 653 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 562, симптомсыз 91.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 500 адам, 2-компонентін 686 адам салдырған.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 120 144 адам.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы