Алматыда коронавирус жұқтырған 28 бала емделіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте қалада коронавирус инфекциясы 318 адамнан анықталды, оның 286 симптомдық белгілері бар және 32 симптомсыз. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сатау басқармасы хабарлады.
17 қазанда қаладағы ауруханалардан 16 науқас емделіп шыққан, келіп түскендер саны - 67.
Инфекциялық стационарларда 1 368 адам ем алып жатыр, оның 28-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 122 науқас бар. ӨЖЖ – 21, инвазивті емес ӨЖЖ – 66, High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 971 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 853, симптомсыз 118.
Сондай-ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 572 адам, 2-компонентін 798 адам алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 мыңнан астам бала «Бөбек» орталығында сауықтырудан өтті
Келесі жаңалық
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы