Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі 29 жасқа дейін жастар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбісі жастар. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 8259 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 5480 адамда симптом анықталған. Ал 2779 адамда симптомсыз түрі тіркелген. Негізінен ауру 20-29 жастағы адамдардың арасында басым. Олардың үлесі 19,3 %. Ал 30-39 жастағылардың үлесі 13, 1%. Ең көбі осы жастағылар. Өйткені, жастар әлеуметтік арақашықты сақтамайды. Олар маска кимейді, көбінесе топпен жүреді. Мұны коронавирус инфекциясының өршуіне 3 себеп деп атауға болады, - дейді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, жақында дәрігерлер, эпидемиологтар, зертхана мамандарынан тұратын арнайы топ Алматы маңындағы 3 ауданды аралап көрген.
Аралау кезінде алыс аудандарда COVID-19 анықтауға арналған заманауи зертхана тапшы екенін байқадық. Сондықтан Алматыдан облысқа 1 стационарлық, 1 жылжымалы зертхана беру туралы шешім қабылданды. Науқастардың 40 пайызы Алматы облысынан келгені анықталды. Оларға жергілікті жерде кәсіби көмек көрсетілсе, оларға Алматыға келуге қажеттілік болмас еді. Стационарлық зертхана қуаты тәулігіне 1000 тест болса, жылжымалы зертханалар тәулігіне 500 тест болмақ. Шығарып жатқан зертханалардың сынама тарифтері өте төмен. 11500 тг аспайды, - дейді санитар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда базар өртенді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы