Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 7% егде жастағылар
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әсіресе осы егде жастағылар алаңдаушылық тудыруда, сондықтан олар денсаулығына мән беріп, карантин режимін сақтауы керек. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, дәл қазір Алматы бойынша барлығы 1028 коронавиурс жұқтыру жағдайы тіркелген. 100 мың тұрғынға шаққанда індеттің көрсеткіші 49,5%. Өлім –жітім бойынша 8 жағдай тіркелген. Сегіз күннің арасында күнделікті өсуі 7%.Бұл ауруды негізінен ересектер жұқтырған. 14 жасқа дейінгі балалар – 37 жағдай, 15-19 жас аралығы – 54, бұл барлық аурулардың санының 5,4% құрайды. 20-29 жас аралығы - 340 адам, 39-ға дейінгілер – 184, 40-49 жас аралығы – 161, 60 жастан асқандар – 70 жағдай, бұл барлық науқастың 7% құрайды. Әсіресе осы егде жастағылар алаңдаушылық тудыруда, сондықтан олар денсаулығына мән беріп, карантин режимін сақтауы керек, - дейді Бекшин.Сонымен қатар, ол қала бойынша 346 індет ошағы бар екенін айтты. Олардың 151-і белсенді және дезинфекция жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Белсенді ошқатарда 14 күн бойы залалсыздандыру жұмыстары жүреді. Ал басқа ошақтарда аптасына екі рет дезинфекция жасалады, - деді ол.Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар саны 14 541, оның ішінде жақын қатынаста болғандар - 2760, әлеуетті байланыста болғандар - 11 781.
Стационарлық карантинде байланыста болған 1468 адам жатыр, үй карантинінде – 9 160 адам бар. Осы уақытта 2655 адам үй карантинінен шықты, - деді Жандарбек Бекшин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы