Алматыда коронавирустан мерт болған адам 16 наурыздан бері ем қабылдаған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Науқаста екіжақты полисегментті пневмонияның ауыр ағымы болды. Екіжақты плеврит, өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы болды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда болған науқас кеше сағат 23:50 кезінде қайтыс болған.
Науқас байланыста болғандар қатарынан, оның оң талдауы 16 наурызда анықталды. Қосымша ауруларымен, атап айтқанда өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардиясымен, артериялық гипертензиясымен байланысты, ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды, - деді ол.
Сондай-ақ, ол жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессивті нашарлағанын айтты.
9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23:20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23:50-де биологиялық қайтыс болғаны анықталды. Негізгі диагнозы COVID-19 коронавирустық инфекциясы расталған. Екіжақты полисегментті пневмонияның ауыр ағымы, екіжақты плеврит, өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы болды, - деді басқарма басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
UFC 249 турнирі 18 сәуірде өтпейтін болды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы