Алматыда коронавирус 2 есе көбейді: эпидемиологтар дабыл қағуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада соңғы екі аптада жағдайдың ушыққанын айтты. Оның айтуынша, мегаполисте індет жұқтырғандар саны 2 еседен артқан.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, КВИ жұқтырудың 2377 жағдайы анықталған. Оның 305-і соңғы тәулікке тиесілі.
Алматыда 17 маусымнан бастап эпиджағдай мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсті. Өткен аптада ПТР нәтижелері алдыңғы 7 күндегі 130-ға қарағанда тәулігіне 215-ке дейін өсті – деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.

Ол биыл Алматы қаласында қазірдің өзінде 56 мыңнан астам вирус жұқтырғандар тіркелгенін алға тартты. Маусым айының өзінде ғана 4 573 жағдай анықталған. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дерт былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 10 есе көп. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қала тұрғындарынан маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, вакцина салу сынды белгіленген шектеулерді қатаң сақтауды сұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы