27 Қазан 2022 2022, 11:22

Алматыда көпжылдық өсімдіктер отырғызылды

Алматыда  Экология және қоршаған орта басқармасы қала аумағын көгалдандыру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда  Экология және қоршаған орта басқармасы қала аумағын көгалдандыру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаға сәйкес көпжылдық өсімдіктер үлесін 17%-дан 60%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер, негізінен, сәуір-мамыр айларында отырғызылады, күтіп-баптау жұмыстары маусымнан қыркүйекке дейін,  ал гүлзарларды жинап, жуалыларды отырғызу қазан айында жүргізіледі 

Биыл көпжылдық өсімдіктердің жалпы көлемі 50%-дан асты – 74,3 шаршы м (раушан – 40 600, эхинацея - 7 200, лилейник – 4 000, лаванда – 7 500, шалфей – 3 600, мискантус – 5 200, гортензия – 3 500 және т.б)

2022 жылы жалпы көлемі 159 мың шаршы метр гүлмен безендіріліп (оның ішінде алдыңғы жылдардағы көпжылдық өсімдіктердің күтімі), 26 мың шаршы метр газон егілді.