Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 60 адам эвакуацияланды
Алматыда көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Бостандық ауданындағы Рысқұлбеков көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндіруде. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген сәтте 12 қабатты үйдің 12-қабатындағы пәтердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге оқпандар беріліп, автоцистерналар өрт гидранттарына қосылды, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 60 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді.
112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысындағы бірнеше республикалық жолда қозғалыс шектелді
Келесі жаңалық
Болгария ресми түрде еуроға көшті
Өзгелердің жаңалығы