19 Маусым 2024 2024, 23:04
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 50-ге жуық адам эвакуацияланды
Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде үй заттарының жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде үй заттарының жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Өрт сөндірушілер үйдің 48 тұрғынын эвакуациялады, оның ішінде 8 бала, тағы 3 мысық пен 1 ит жануарларын шығарды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.