Алматыда көппәтерлі тұрғын үйдегі сауна өртенді

17 қыркүйекте сағат 05:25-те саунаның булау бөлмесінен өрт шықты. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қалалық ТЖД мәліметіне сүйеніп.

Алматы ТЖД мәліметінше, әл-Фараби даңғылында орналасқан тұрғын үйдегі сауна өртенді.

Көпқабатты үйдің астыңғы қабатындағы булау бөлмесі, яғни 10 шаршы метр алаң өртеніп кетті, оттың шығу себебін мамандар анықтап жатыр.

Өрт сағат 05:46-да оқшауланып, 05:59-да толықтай сөндірілді.

Instagram-дағы жазба авторы саунаның заңсыз жабдықталғанын айтады. Тұрғындар көп жыл бойы әкімдікке, прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға шағымданып келген, бірақ одан ешқандай нәтиже болмаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы