Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Назарбаев даңғылы бойындағы тұрғын үйдің шатыры өртке оранды.


Қалалық ТЖД өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенін мәлімдеді.

17 қыркүйек күні сағат 15:09 минутта Алматы қаласы ТЖД құтқару күштері және құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылы, 124 мекен жайы бойынша шықты. Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері сағат 15:12 минутта келген кезде 4 қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы