Алматыда көпбалалы аналар өз кәсіптерін ашу үшін 406 млн теңге көлемінде грант алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көпбалалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтты.
Көпбалалы аналарға қолдау көрсету үшін өңірлік «Бақытты отбасы» орталықтарының базасында «Іскер Ана» бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда оларды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытады.Көпбалалы отбасылардан 888 адам 555 мың теңгеге дейін грант алды. Сонымен қатар, 406 млн теңге сомасына 203 көпбалалы ана 5 млн теңгеге дейінгі грантты иеленді.
«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасы іске қосылды. Жобада қоғамдық өмірге аға буын өкілдерін тарту көзделеді. Мұнда олар әртүрлі форматтағы нәтижелі, екіжақты қарым-қатынас арқылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленетін бастауыш мектеп жасындағы балалар мен ерекше қажеттілігі бар балаларға өмірлік тәжірибе беріп, білім мен дағдыларға үйретеді.
Жылдың соңына дейін қаланың әр ауданында осындай клубтар ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ, мүгедек жандарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру мақсатында алғаш рет «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды. Орталық мүгедек адамдарға және олардың отбасыларына ақпараттық, консультациялық, заңгерлік және психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, мүгедек адамдарды қоғамға тиімді бейімдеу үшін тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға оқытады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы