Алматыда Конституциясы күніне орай мерекелік велошеру өтті

Велошеруге 500-ден астам әуесқой және кәсіпқой спортшылар қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Маршруттың жалпы ұзындығы 7,7 шақырымды құрады.

Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтыннасихаттау, елімізде велоспорт мәдениетін дамыту, сондай-ақ Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін және азаматтар арасындағы бірлікті нығайта түсетін негізгі заң ретіндегі маңыздылығына назар аудару,- деді Алматы қаласы спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Велошеру салтанатты түрде ашылып, мәресызығында екі заманауи велосипедтің жүлде ұтысының нөмірлерін таратудан басталды. Қаланың жоғарғы бөлігіне жиналған 500-ден астам әуесқой және кәсіпқой спортшылар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан велошабандоздар колоннасы полиция көліктерінің сүйемелдеуімен Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтіп, Тұңғыш Президент саябағындағы велошеруді аяқтады. Маршруттың жалпы ұзындығы 7,7 шақырымды құрады.

Мәре сызығында қатысушылар ұтыс ойынының жеңімпаздары Алматы қаласының тұрғындары, Константин және Мирас марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы