Алматыда көлікті сындырып, төбелес шығарған бұзақылар ұсталды
Ер адам көлікті қасақана бүлдіріп, бір топ жігітпен төбелес шығарған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан ер адамның тұрақта тұрған көлікке жақындап келіп, жүксалғышты күшпен ұрғаны көрінеді. Содан кейін ол қолындағы затпен артқы терезені сындырып, артқы бамперді теппек болады. Сондай-ақ қарсыласына пышақпен шабуыл жасамақ болған.
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды және қамауға алынды. Олар міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын болады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр,- деді Алматы қаласының полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда алимент төлемеген борышкер түрмеге қамалды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы