Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті

Әуезов ауданында бүгін таңғы сағат 6:15-те автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесіне солға бұрылған кезде рөлге ие бола алмай, Shevrolet Cobalt маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Автокөлік Яссауи көшесінде оңтүстік бағытта бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, кейін автобус жүрісін жалғастырып, ғимаратқа соғылған.

Абырой болғанда, бұл жол-көлік оқиғасында ешкім зардап шеккен жоқ. Апаттың мән-жайын Әуезов ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр, – деді қалалық ПД.

Бұған дейін Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы