Алматыда көлікке зақым келтірген жасөспірімдер анықталды
Әлеуметтік желілерде бұзақылық жасаған балалардың бейнеролигі тараған еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бейнежазбадан екі баланың алдымен көліктердің жанында доп ойнап жатқанын, содан кейін олардың біреуі көліктің капотына шығып, аяғымен алдыңғы әйнекті сындырғаны көрінеді. Содан кейін олар бамперді жұлып алып, бүйірдегі айнаны сындырмақ болған.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Балалардың жеке басы анықталды. Жасөспірімдердің айтуынша, олар бұзақылық ниетпен бөтеннің көлігін зақымдаған. Объективті жағдайлар анықталды. Құқықтық баға беріледі, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы