Алматыда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шаралар өтеді:
- 30-31 мамырда Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы өтеді.
- 2-3 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді.
- 5-6 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары Комитетінің отырысы өтеді.
Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция Департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды, - делінген ақпаратта.
Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді.
Біз азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз, - деп ескерту жасады.