Алматыда көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бұл туралы қала әкімдігінің Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысы бойынша қозғалыс уақытша жабылады.

2023 жылғы 1 шілдеде сағат 22.00-ден бастап 2023 жылғы 2 шілде сағат 22.00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады. Аталған қиылыстағы қозғалыс екі жаққа да жабылады. 

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы