Алматыда көлік өздігінен сырғып, өзенге құлады

Алматыда автокөлік өздігінен жазықтан сырғып, "Кіші Алматы" өзенінің арнасына түсіп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін таңғы бесте мен көлікті ауладан шығарып, қақпаны жабу үшін тоқтадым. Бірақ, сол сәтте қолтежегішті қоспаған екенмін. Нәтижесінде көлік артқа қарай сырғып өзенге түсіп кетті. Мен дереу полиция қызметкерлерін шақырдым. Оқиғаны тіркетіп, айыппұлды төледім. Қазір көлікті қайта алдым, - дейді автокөліктің иесі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Оқиға Медеу ауданында болды. Жүргізуші көліктен шыққан сәтте өзін-өзі сырғудан сақтайтын шараларды қолданбаған. Нәтижесінде көлік Копальников көшесімен солтүстік бағытқа сырғып, Кіші Алматы өзенінің металл қоршауына соғылған. Жарақат алғандар жоқ, - деп хабарлады ведомство.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы