Алматыда көлігіне қару-жарақ арсеналын салып жүрген топ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы қаладағы сауда үйінің бірінің тұрағында тұрған көліктен қару-жарақ арсеналын тәркіледі. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арнайы іс-шараны қалалық криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ КПД әріптестерімен және арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізген. Шара барысында сауда үйлерінің бірінің тұрағында тұрған «Lexus LX 470» және «Toyota Camry» көліктерінен қару-жарақ табылған. Аталған іс бойынша 6 адам ұсталды, оның 4-еуі бұрын сотталған.
Олар қарақшылық шабуыл, тонау, бұзақылық, есірткі қылмыстары және заңсыз қару-жарақ айналымы үшін сотталған. Үлкені - 33 жаста, кішісі - 25 жаста. Біреуі - Түркістан облысынан, қалғандары - Алматы облысының тұрғындары. Айыпталушыларға және олардың көліктеріне жүргізілген жеке тінту кезінде 2 «Макаров», «Наган» және «Марголин» тапаншалары, тегіс ұңғылы 2 мылтық, «Стражник» травматикалық тапаншасы және оларға арналған патрондар табылды және тәркіленді, - дейді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға жарамды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Қазір тәркіленген әскери арсеналдың шығу тегі, тиесілілігі, сондай-ақ, оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жансая Әбдімәлік тарихи жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы