Алматыда «Көктөбе» телемұнарасы сан түрлі түске боялды

Алматыда «Көктөбе» телемұнарасы сан түрлі түске боялды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік жарық берудің арқасында қаланың ерекше символына айналды. Биіктігі 370 метрден асатын бұл сәулет өнерінің кереметіне енді 185 прожектор арқылы түрлі бұрыштан жарық түсіріледі.

Мұнара ғимараттың 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED-модульдері бар жарық жолағынан тұратын айрықша медиа қасбетпен жабдықталған, соның арқасында мультимедиялық шоу ерекше әсерлі көрінеді.

Енді «Көктөбе» жай ғана телемұнара емес, Алматының нағыз визит карточкасы!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы