23 Қыркүйек 2026, 17:14 Фото: gov.kz

Алматыда Көктөбе аумағы уақытша жабылады

Алматы әкімдігі келушілер үшін Көктөбе аумағы уақытша жабылатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады.

Осы уақыт аралығында:

•    аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады;
•    автокөлік қозғалысына шектеу қойылады;
•    жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, аталған шектеуді ескеруін сұрады.