Алматыда көкірек қуысы деформациясын қалай емдейді?
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық клиникалық аурухананың кеуде бөлігінің хирургиясы орталығының меңгерушісі Нұрлан Жарылқапов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маманның айтуынша, әрбір жағдай үшін әр адамға жеке ем тағайындалады. Консервативті немесе хирургиялық араласу әр науқастың жағдайының ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады.
Атап өтетінің, Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық аурухананың кеуде бөлігінің хирургиясы орталығы – кеуде қуысындағы ауруларды емдеу мен диагностикалау проблемаларын шешуге арналған мамандандырылған бөлім.
Біздің клиникада кеуде қуысы органдарының әртүрлі ауруларына және мойын, өкпе, кеңірдек, көкірек, өңештің тарылуы, қалқанша безінің қатерлі ісігінде, кеуде қабырғасының ісігінде, кеңірдек-өңеш жарасына, сүт безінің қатерсіз ісігі, қалқанша безінің және айыр без ауруларына операция көптеген түрлері жасалады, - деді Нұрлан Жарылқапов.
Кафедраның клиникалық тәжірибесінде науқастарды, соның ішінде ересектер мен балаларды хирургиялық емдеудің дәстүрлі және аз инвазивті (эндоскопиялық) әдістері кеңінен қолданылады.
Сондай-ақ, ауруханаға жатқызу бюросы порталы арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ұйымдармен келісім-шарттар жасау және науқастарды ақылы емдеу аясында түрлі хирургиялық көмек пен тегін емдеу көрсетіледі. Ал шалғай өңірлердің тұрғындары телефон және электронды пошта арқылы алдын ала хат-хабар кеңесін ала алады. Сондай-ақ науқастарға барып кеңес беру мен операцияларды ұйымдастыру мүмкіндігі бар.
Нұрлан Жарылқапов 2022 жылдың 9 айында №1ҚКА кеуде бөлігінің хирургия орталығында кеуде органдарына 260 операция жасалады.
Қазіргі уақытта аурухана ең заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған (ультрадыбыстық құрылғылар, оның ішінде эндосонографияға арналған, талшықты эндоскоптар, КТ, МРТ), бұл кеуде органдары ауруларында тіпті ең күрделі жағдайларда жоғары дәлдіктегі диагностиканы жүргізуге мүмкіндік береді.
Спикердің айтуынша, орталықта (қысқа атауы - бронхоскопия) - эндоскопиялық зерттеу, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын (трахея, бронхтар) барынша тексеруге және олардың жағдайын бағалауға мүмкіндік бар, ол үшін оптикалық құрылғы көмегімен шырышты қабықтар жағдайы тексеріледі.
Тек бронхоскопиялық зерттеу әдісінің көмегімен бронхтың ішкі бетін толық визуализациялауға болады. Тыныс алу жолдарын зерттеуді эндоскопияға маманданған жоғары білікті дәрігерлер барлық халықаралық стандарттар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып жүргізеді, - деп жалғастырды дәрігер.
Бүгінгі күні бұл алғашқы диагностикалық әдістердің бірі ғана емес, сонымен қатар диагностикалау, диагнозды растау, биопсия жасау (талдау үшін тіндерді алу), аурудың ауырлығын анықтау, мұрын-жұтқыншақтың, кеңірдектің, трахеяның және өкпенің созылмалы қабыну және іріңді аурулары бар науқастарды емдеуге, бөгде заттарды алу, емдеудің тиімділігін тексеру үшін орындалатын ең маңызды және тиімді әдіс.
Жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдықтардың болуы ең күрделі хирургиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Кеуде қуысына ота жасайтын хиругтар орталығының торакальды хирургтары Оңтүстік Корея, Ресей, Германия, Голландия, Үндістан және т.б. елдердегі шетелдік клиникаларда оқудан өткен.