Алматыда Kitap Fest фестивалі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кітап форумын аралап көрген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын атап өтті.

Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында кітап фестиваліне барғанын айтты.

Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітап құмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады, - деп жазды Алматы әкімі.


Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, «Жазушылар шатырында» қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі өтуде. Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, фестивальге ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қалалықтар қатысады, бетперде тағу міндетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы