Алматыда Халықаралық джаз күні өтеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 4 сәуір күні Алматыдағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «XVII Халықаралық джаз мерекесі» дәстүрлі музыка фестивальінің ашылуы болады.

Аталған іс-шараны Алматы джаз мектебінің директоры Тагир Зарипов және жоба продюсері Қарлығаш Макатова ұйымдастырып отыр.
Фестивальдің ашылу күнінде Польшадан келген Крыстын Станько триосы (Krystyna Stanko) және Түркиядан келген Ондер Фоджан жетекшілігімен FunkBоok бэнді өнер көрсетеді.
Францияның әншісі Princess Jorge және Израильден келген Гай Минтус (Guy Mintus) триосы фестивальдің екінші күнінде өнер көрсетеді. 

Ал Германиядан келген Three fall триосы және Австриядан келген Kusimanten іс-шараның үшінші күні өз өнерлерін паш етеді.

«Бірінші кезекте біздің фестивальға қатысып жүрген елдердің елшілігі мен консулдықтарына алғыс білдіргім келеді. Әсіресе Франция елінің өнер майталмандары жыл сайын қатысады. Соның арқасында елімізде джаз өнері кеңінен таралып, жастар үлкен қызығушылық танытуда. Биылғы жастар жылына орай осы күзде балаларға арналған тағы бір джаз мектебін ашамыз»,- дейді Тагир Зарипов.

Концерттер Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония залында 4-7 сәуір күндері өтеді. Фестиваль бағдарламасында джаз мектебіндегі музыканттардың қатысуымен дәстүрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Джаз мектебінің оқушылары Тагир Зариповтың жетекшілік етуімен АҚШ-та және басқа да елдерде бірнеше мәрте өнер көрсетіп, музыка саласындағы сыншылардың жоғары бағасына ие болған. Джаз мектебі 2001 жылдан бастап қызмет етіп келеді. 

Биылғы фестиваль Алматы қаласы Әкімдігінің, фестивальге қатысушы елдердің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының, «Француз альянсы» және ««Гёте институтының» қолдауымен өткізілуде. Мерекенің серіктестері ретінде UNESCO, сондай-ақ, Польша, Түркия, Израиль, Франция, Германия, Австрия және Венгрия Сыртқы істер министрліктері ат салысып отыр.

30 сәуір Халықаралық джаз күні болып 2011 жылы ЮНЕСКО еркін ерік елшісі Херби Хэнкоканың бастамасы бойынша ЮНЕСКО Бас конференциясымен бекітілген және де Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясымен танылған.

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы