15 Мамыр 2020 2020, 16:16
Алматыда ХҚКО жұмыс істеп жатқан жоқ
Алматы, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы әлі басталмағанын мәлімдеді.
Алматы, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы әлі басталмағанын мәлімдеді.
ХҚКО-лар Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсете бастайды.
Қазіргі таңда Алматы қаласында шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету үшін Шұғыла, 347/1 мекенжайында орналасқан бір ХҚО жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді egov.kz порталы арқылы ресімдеген азаматтар дайын болған құжаттарын Әуезов аудандық ХҚО-дан (Жандосов, 51) және мамандандырылған ХҚО-дан (Майлин, 85) алып кете алады. Аталған бөлімдерде тек дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚКО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды. Алматы қаласы үшін ХҚКО-лар ашылғанға дейін брондалған кезек жарамсыз болып қалмақ.
Алматы қаласы бойынша ХҚКО-лардың жұмысының қайта басталуы туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және БАҚ-тарда қосымша жарияланатын болады. Өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұраймыз, - делінген хабарламада.