Карантин: Алматыда кезекті тойдан 40 адам шығарылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тағы бір той тоқтатылды. Бұл туралы мониторинг тобының өкілдері мәлімдеді. 

11 қыркүйекте кешкі жетіден кейін тексерушілер Жетісу ауданындағы «Данияр» мейрамханасында заң бұзушылықты анықтаған.

Тексерушілер хабарлағандай, банкетте 40-қа жуық адам болған. Аталған факті бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсыру үшін әкімшілік материал жиналды.

Еске салсақ, жұқтырудың төмендеуіне қарамастан, Алматыда халық жаппай жиналатын барлық іс-шараға тыйым салынған. Қала тұрғындары мен қонақтары банкеттерге, үйлену тойларына бармағандары жөн. Өйткені бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомсыз тасымалдаушылары болуы мүмкін.

Алматыда 9-12 қыркүйек аралығында заңды тұлғалардың 34 карантиндік шараны бұзғаны анықталды. Қалада 40 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Жыл басынан бері 39 051 объект тексерілді. Карантиндік шараларды бұзған 3 708 объекті анықталды. 5 847 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 220 165 910 теңге сомасында 628 хаттама, жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 229 655 410 теңге сомасында 5 219 хаттама толтырылды.

Карантинді жиі бұзушыларға қатысты 76 іс сотқа берілді. Оның ішінде 67 материал бойынша қызметті тоқтату туралы шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар бұл күндері мониторинг топтары 108 автобус пен троллейбуста маска режимінің сақталуын тексерді. Эпидемиологтардың айтуынша, қоғамдық көлік коронавирусты жұқтыруы мүмкін орындардың қатарында және тексерушілердің жұмысы күшейтілген. Олар жолаушылар мен көлік жүргізушілерінің масканы дұрыс тағуын қадағалайды.

Мысалы13-14 қыркүйекте Алматыда жүргізілген тексерулер кезінде ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтамағаны үшін 52 жеке және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі күн ішінде 222-ден астам автобуста мониторинг жүргізілді. №№34, 36, 72, 73, 102, 135, 217, 120,25,65,66,5,19,66,141,29, 202,78,23,47,118,16,67,11 қала бағыттарында бұзушылықтар анықталды.

Жалпы жыл басынан бері қоғамдық көлікте 688 автобусқа мониторинг жүргізілді. Жолаушылар арасында 140 ереже бұзушы анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы