Алматыда кёрлингтен әлем кубогы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кёрлингтен әлем кубогы – Назарбаев атындағы XX кубок жарыстары басталды. 

Бұл туралы «Хабар24» хабарлады.

Байрақты бәсекеде бақ сынау үшін 6 мемлекеттен 12 команда жиналған. Олардың арасында Финляндия, Эстония, Ресейден келген спортшылар бар. Үш күнге жоспарланған сайыс «Алматы Арена» мұз айдынында өтіп жатыр. 

Назарбаев атындағы кубок осыған дейін әлемнің бірқатар елінде ұйымдастырылған. 

Ал Алматыда алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыстың ашылу салтанатына Халықаралық кёрлинг федерациясының өкілдері де қатысты.

Бұл кубок тек қана Қазақстанда өтіп жатқан жоқ. Кезінде бұл кубок Кореяда да өтті, Финляндияда да өтті, Назарбаев атындағы кубок деп өткізді. Бұл Дүниежүзілік федерацияның біздің еліміздегі кёрлингке көзқарасы жоғары деңгейде екені белгілі деп санаймын, - деді Қазақстан кёрлинг федерациясының президенті Амантай Күреңбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы