Алматыда кептеліс жиі болатын қиылыстар анықталды
Мегаполисте жиі кептеліс болатын Топ-15 қиылсты Sergek ITS сарапшылары анықтады. Мамандар қаланың көлік қозғалысына талдау жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бағалау барысында мынандай факторлар ескерілген:
- Жол қиылысында жиналатын көлік саны мен кезек ұзындығы
- Көліктердің қозғалыс қарқындылығы (жолдың өткізу қабілетімен салыстырғанда)
- Кептелістің орташа ұзақтығы
- Жолдағы орташа жылдамдық деңгейі
- Кептелістің күнделікті қайталану жиілігі
Қалада кептеліс жиі болатын қиылыстар:
- Абай даңғылы – Розыбакиев көшесі
- Абай даңғылы – Назарбаев д.
- Төле би көшесі – Розыбакиев көшесі
- Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылы
- Абай даңғылы – Байтурсынов көшесі
- Сейфуллин даңғылы– Сәтпаев көшесі
- Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы
- Райымбек даңғылы– Сейфуллин даңғылы
- Абай даңғылы– Желтоқсан көшесі
- Сәтпаев көшесі – Әуезов көшесі
- Сәтпаев көшесі – Розыбакиев көшесі
- Райымбек даңғылы – Назарбаев даңғылы
- Төле би көшесі – Әуезов көшесі
- Абай даңғылы – Брусиловский көшесі
- Абай даңғылы– Әуезов көшесі.