Алматыда "Кенжехан" және "Сәлем" базарларында тексеріс жүргізілді

Алматыда сауда нысандарына жүргізілген "Қауіпсіз сауда" республикалық акциясының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Дарын Мұқанов мәлімдеді.

Мегаполисте 120-дан астам профилактикалық рейд жүргізілді. Сауда объектілерін жалға алушыларға 2000 адамды қамти отырып, өрт қауіпсіздігінің талаптары түсіндірілді, 2800-ге жуық жадынама таратылды. Сондай-ақ "Кенжехан" және "Сәлем" базарларына жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 30 құқық бұзушылық анықталды. Жіберілген қателік үшін бизнес иелері ескерту алды. Қалған 174 сауда нысаны мораторий мен жаңа реттеуші саясатқа байланысты тексерілмеген, – дейді Дарын Мұқанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы