Алматыда Кеңсай-1 аумағындағы ірі өрт: зираттар өртенді ме?

25 шілдеде Алматыдағы Кеңсай-1 аумағында 15 гектар жерге жайылған өрт шықты. Жалын сол күні 22:39-да ауыздықталды. Тау бөктеріндегі қазіргі жағдай қандай? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісінің фоторепортажынан тамашалыңыздар.

Өткен жұмада сағат 19:53-те Медеу ауданына қарасты Кеңсай-1 шағынауданында, Сәрсенбаев көшесінің бойында құрғақ шөп тұтанып, өрт шыққан.

Қызыл жалынды сөндіруге Алматы қаласы ТЖД-ның 58 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Бұған қосымша жергілікті билік тарапынан тағы 6 су таситын көлік пен 6 қызметкер көмекке тартылған.

Қазір өрт орнындағы жасыл шөптер толықтай күлге айналған. Оқиғадан үш күн өтсе де, жалынның ыстық ысы сезіледі.

Ірі өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілердің жалынды қоршалған аумаққа дейін сөндіріп үлгергенін байқауға болады.

Тілсіз жау елге белгілі тарихи тұлғалардың зиратына "Кеңсай-1" жетпегенімен, тау бөктеріндегі бөлек тұрған он шақты молаларды өрт шарпыған.

Кеңсай-1 аумағындағы өрттің салдарынан 60 мола бүлінді.

Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті әлі де 5-санаттағы өрт қауіптілігі туралы ескертеді.

Құрғақ шөптерді әдейі (қасақана өртейтіндер айрықша қауіп төндіреді), үй иелері мен бағбандар шабылмаған, ыстық күннен құрғаған шөп пен қоқысты жақын маңдағы аумақты ретке келтіру үшін әдейі жағады, – деп хабарлады ТЖД.

Мамандар мәліметінше, қалалық дауылды ескертуге сәйкес, Алматыда 28 шілдеге дейін күндізгі температура 35-39°C дейін көтеріледі. Қаланың аймақтарында өрт қауіптілігінің 5-санаты сақталып отыр. Мұндай жағдайда кез келген ұшқын ірі өртке әкеп соғуы мүмкін. Қазіргі таңда әкімшілікпен бірлесіп, 104 шақырым аумақтағы құрғақ шөп шабылды.

ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарынан құрғақ шөп жанындағы от жағудан, шылым шегуден және шөп пен сабанды өртеуден бас тартуды сұрады. Егер өрт салдарынан ауыр зардаптар орын алса, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы