Алматыда кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматыда кенеге қарсы дезинфекциялық өңдеудің бірінші кезеңі басталды. Жалпы ауданы 2400 гектардан асатын 8 орманды алқап, 144 қала саябағы мен сквер қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңдеу жұмыстары ауа-райына байланысты жауын-шашынсыз күндері кестеге сәйкес, таңертең жүргізіледі және 28 сәуірге дейін жалғасады. Өңделетін аумақтардың шекарасына «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» деген ескерту хабарламалары бар тақталар орнатылады. Өңдеудің екінші кезеңі мамыр-маусым айларына жоспарланған.
Бұл жұмысқа «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Қолданылатын дозалар адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз. Бірақ тұрғындар өңдеуден кейінгі алғашқы үш күнде өңделген жерлерге бармау керек. Өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды, - деп жазылған әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
4 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы