Алматыда қазіргі және бұрынғы полицейлердің қатысуымен құрылған қылмыстық топ ұсталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов айтты.
Бұл жолы қазіргі және бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысуымен қылмыстық топ ұсталды. Алматы қаласының Полиция департаменті олар азаматтық тұлғалардың көмектесуімен ведомстволық ақпараттық базаларды сату бойынша бизнесті «жолға қойды». Жеке мәліметтер үшінші тұлғаның қолында болды, - деді Саданов.
Оның айтуынша, осы бизнеске қатысқандардың барлығы: екі белсенді, үш бұрынғы қызметкер және бір азаматтық адам сотталды.
Олардың тікелей басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке дейін тартылып, атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Басшылардың жауапкершілігін дербестендірмей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты біздің жұмысымыз басшылардың өздері жауапкершілікті арттыру құралы арқылы қылмыстық схемаларды уақытылы анықтауға және жолын кесуге мүдделі болатындай етіп құрылған. Бұл шаралар заңды толығымен жүзеге асырады, - деді ол.
Саданов атағандай, өткен жылы қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін 51 бастық, түрлі деңгейдегі 106 бастық босатылды.
Оның ішінде департамент бастығының 4 орынбасары, облыстық басқармалардың 24 басшысы және олардың орынбасарлары, 39 қалалық, аудандық органдардың бастықтары және басқалары бар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 қаңтардан бастап тұтынушыларға арналған сайт іске қосылды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы