16 Қыркүйек 2026, 23:24 Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алматыда өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Ол талап орындалмаған жағдайда мемлекеттік органдарға шағым түсіріп, олардың жұмысына кедергі келтіретінін айтып қысым көрсеткен.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Осыған ұқсас жағдайлар туралы хабарлаған бірнеше адам анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және дәлелдемелерді бекіту бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр», – деді Әуезов ауданы Полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция осыған ұқсас жағдайларға тап болған азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.