Алматыда кәріз құдығының қақпақтары қолды болған

Қала тұрғындары Райымбек пен Жангелдин көшелерінің қиылысындағы кәріз құдықтарының қақпақтарының жоғалып және сынып жатқанына шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, жаңа люктер орнатылған сайын, бір аптадан кейін жоғалып немесе сынып жатады дейді. 

Кәріз құдықтарының жоғалуы көлік жүргізушілері мен тұрғындарға кедергісін келтіріп жатыр. Жүргізушілерге кәрізді айналып өткендіктен, айыппұл салынбаса болғаны. Райымбек пен Жангелдин көшелерінің қиылысында жаңа люктер орнатылған сайын, бір аптадан кейін біз олардың жоғалғанын немесе сынғанын байқаймыз, – дейді тұрғындар. 

Аталған жағдайға Алматы қаласының әкімдігі жауап берді. 

Тұрғындардың өтініші қабылданды. Райымбек пен Жангелдин көшелерінің қиылысындағы кәріз құдықтарының қақпақтарын жөндеу жоспарда бар. Келесі жұмыс аймағы осы жер болмақ, – дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скриншот
Өзгелердің жаңалығы