14 Ақпан 2021 2021, 17:50
Алматыда карантин жеңілдейді. Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.
Аталған құжатқа сәйкес ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына рұқсат етілді.
Сонымен қатар азық-түлік және азық-түлік емес жабық және ашық базарлардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
Сауда орындары адам саны 30%-дан аспайтын жағдайда демалыс және жұмыс күндері істей беретін болды.
Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараны қатаң сақтаулары қажет.
Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.